- DEPARTMENTS OF COLLEGE
- EDUCATIONAL AND METHODICAL PROCESS
- GALLERY
- EDUCATIONAL WORK
- ADDITIONAL EDUCATION
Authorization
Voting








![]() | Today | 126 |
![]() | Yesterday | 800 |
![]() | This week | 3591 |
![]() | Last week | 3164 |
![]() | This month | 6019 |
![]() | Last month | 18376 |
![]() | Total | 1309087 |
Your IP: 18.118.19.89
MOZILLA 5.0,
Now: 2025-05-10 05:26
Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Қыркүйек айының жетінші жұлдызында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»атты Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы басты жайттарын үйрену мен жүзеге асыру бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралардың жоспарыаясында, оқытушылар мен білім алушыларға жолдауындағы басты жайттарын талқылау мақсатында колледж Мәдениет үйінде іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларының атынан, жолдауға қолдау ретінде баяндамасымен 3 Жерге орналастыру 9 А тобының білім алушысы Дүйсембай Айдын және 2 Бухгалтерлік есеп және аудит 9 В тобының білім алушысы Болдырева Александра және колледжімізге 2021-2022 оқы жылында жаңа қабылданған, бүгінгі жас маманымыз, болашақта білікті ұстаздыққа жол бастаған Отыншы Ербол Нұрланұлы қатысқан болатын.
Тәуелсіздік-басты құндылығымыз![]() There are no translations available. Қыркүйек айының үшінші жұлдызында Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын ұйымдастыру және өткізу аясында 2021 жылғы 3 қыркүйек күні сағат 11.00-де ZOOM платформасы арқылы мемлекеттік тілде жалпықазақстандық «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз» атты ашық диктант жазуға Талғар агробизнес және менеджмент колледжінен барлығы 20 (жиырма) білім алушылар қатысып, оқу орнының конференц залында онлайн түрде диктант жазды.
1 Қыркүйек![]() There are no translations available. 1 қыркүйек - «Білім күні» және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты мерекелік іс-шара жаңа оқу жылына қабылданған 1 курс студенттері, ата – аналардың қатысуымен мерекелік жиын болды.
1. Қыркүйек айы![]() There are no translations available. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде көп жылдан беріәкімшілік саласының жұмысын жандандырып, еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де, жауапты азаматтарымыздың бірі Онталап Буркитулы мерейлі 63 жасқа толып отыр. Сізді мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын,мерейіңіз үстем болсын!
Нұр-Сұлтан күнімен!![]() There are no translations available.
Елорда сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін! Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының күніне жүргізілетін негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Нұр-Сұлтан–тарихи мекен» атты І курс білім алушылары арасында бейнероликтер дайындалды. Dim lights Embed Embed this video on your site Dim lights Embed Embed this video on your site Dim lights Embed Embed this video on your site
|