Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 285 |
![]() | Кеше | 527 |
![]() | Бұл апта | 1674 |
![]() | Өткен апта | 3510 |
![]() | Бұл ай | 2628 |
![]() | Өткен ай | 21024 |
![]() | Барлығы | 1434778 |
Сіздің IP: 216.73.216.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-11-06 14:35
1- ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»
Мақсаты– жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке, еліміздің рәміздерін құрметтеуге, бай және күшті ел үшін мақтанышқа, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттердің білімге, еңбекқорлыққа және патриотизмге, рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытуға, жауапкершілік пен өзара сыйластыққа ұмтылуына бағыттау.
Міндеттері:
Негізгі міндет оқу жылында білім алушыларға үздік білім беру, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сондай-ақ әрбір білім алушының жеке дамуын қолдау болып табылады.
Кураторлық сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Барысы:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз – Қазақстанның патриотымыз!
Отан деген не, кім қалай түсінеді? Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ – бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей және туған қаламыз – Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
- Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
- Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу – әрбір қазақстандық азаматтың борышы.
- Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: Ту, Елтаңба, Гимн.
- Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.
Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің
халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.
- Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.
Мұғалім:
- Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
- Отанды сүю – от басынан басталады.
- “Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Қандай адамды еңбекқор дейміз?
- Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Шығармашылық тапсырма:
Еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.
Қорытынды: Бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын!
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА КОЛЛЕДЖ ФОРМАСЫНЫҢ ТӘРТІБІThere are no translations available.
Жазғы демалыс күндері суда, су объектілерінде өзін-өзі ұстау ережелері.Жазғы демалыс күндері суда, су объектілерінде өзін-өзі ұстау ережелері. Өмір қауіпсіздігін сақтау аясында колледж білім алушыларымен жазғы демалыс күндері суда, су объектілерінде өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері таныстырылып, сұрақтарға жауаптар алынды. «Таза сессия» акциясы.«Таза сессия» акциясы. Колледжімізде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ оқытушылар мен білім алушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Таза сессия» акциясы өткізілді. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «TKAiM join me» атты студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы және «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында алдын – алу мәліметтері айтылып, бейне ролик көрсетілді, іс –шара соңында жемқорлыққа қарсы жасалған баннерге қолдарын қойып, наразылықтарын жариялы түрде білдірді. ![]() ![]() ![]() 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай колледж оқытушылары және білім алушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. ![]() ![]() ![]() |
























