Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 131 |
![]() | Кеше | 690 |
![]() | Бұл апта | 2942 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 11581 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1421962 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-17 05:49
«Тұлға, жанжал және гендерлік зорлық»

29 мамыр 2025 ж. «Rights Lawyers» ұйымының президенті, заңгер, One-Stop-Service «Бір Қадам» орталығының үйлестірушісі, «Әйелдер мен балалар құқықтарының белсенді қорғаушысы» номинациясының лауреаты Ракишева Ләззат Бекмұханбетқызы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Жолдасбаев Ғалымжан Сейітжанұлы, Қазақстан психологтар одағының мүшесі,
республикалық деңгейдегі жаттықтырушы, One Stop Service «Бір қадам» Орталығының тәжірибелі психологы - Хабаева Жеңігүл Жапарханқызы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушыларымен «Тұлға, жанжал және гендерлік зорлық» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты студенттерде тұлғалық даму, жанжалды жағдайлардың алдын алу және қазіргі қоғамдағы гендерлік зорлық-зомбылық проблемасын түсіну мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру болды
“Ең үздік әлеуметтік серіктес”![]() 28.05.2025 жыл Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында болашақ мамандарды іс-тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын басшыларын құрметтеу мақсатында “Ең үздік әлеуметтік серіктес” қызыл кілем салтанатты іс- шарасы өткізілді. Атаулы іс- шараға колледж басшылары, кәсіпорын басшылары, ЖОО өкілдері, блогерлар, тілшілер қатысып, “Қызыл кілеммен” жүріп өтті. Алматы облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және күрделі жөндеу бөлімінің бас маманы Жанбиров Ербол Жұмагелдіұлы «ЕҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕС» белгісін, Талғар ауданының Ветеринариялық бөлімінің басшысы Әтейбеков Болатбек Нүсіпақынұлына салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, Талғар металл өңдеу кәсіпорын директоры Ползюков Владимир Юрьевич, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Сақтағанұлы Нығыметов, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы “ALT” университеті» АҚ ректоры Жармағамбетова Меруерт Советқызымен ынтықмақтастық серіктестігін құру үшін Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы меморондумға қол қойды. Іс-шараға қатысушы барша әлеуметтік серіктестерге Алматы облысы Білім Басқармасының Алғыс хаты табысталды. https://youtube.com/shorts/RA6ikOvS4Dw?feature=share «IQ Battle: Мамандықтар әлемі»![]() 2025 жылғы 22 мамырда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жас маман – ертеңгі бас маман» атты жас мамандар онкүндігінің аясында жас мамандар Шаймұрат Махаббат пен Шакенова Алтынай білім алушылардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру және олардың кәсіби эрудициясын дамыту мақсатында «IQ Battle: Мамандықтар әлемі» атты үш кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырды. Білім алушылар түрлі мамандықтар туралы білімдерін көрсетті. 1 орынды - 1Прог «А» тобы, 2 орынды - 1Зем «А» тобы, 3- орынды 1 ТОиРем «А» тобы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. «Мимика шебері»![]() 2025 жылғы 21 мамырда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Жас маман – ертеңгі бас маман» онкүндігі аясында «Мимика шебері» атты көңілді ойын өтті. Іс-шараны оқытушылар Шаймұрат Махаббат пен Шәкенова Алтынай ұйымдастырды. Колледждің фойесінде шығармашылық пен әзілге толы ерекше атмосфера орнады. Студенттер өз қабілеттерін ерекше ықыласпен көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл ойын онкүндіктің жарқын оқиғасына айналып, барлық қатысушыларға жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Сол қолдың шеберлері»![]() 21.05.2025ж.Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жас маман – ертеңгі бас маман» атты жас мамандар онкүндігінің аясында жас маман, арнайы пән оқытушысы Әменова Мереке Еркебекқызының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Сол қолдың шеберлері» сайысы өткізілді. Ерекше қабылетті балаларды қолдау,ұшқыр ой, ептілік пен шапшаңдықты дамыту,қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында өткізілген сайыс «Шапшаң саусақ» , «Суретші сол қолмен», «Логикалық жарыс» және «Тапқыр болсаң – озып көр!» атты кезеңдерді қамтыды. Жеңімпаздарға марапаттар беріліп, сыйлықтар табысталды. |