Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 639 |
![]() | Кеше | 698 |
![]() | Бұл апта | 1929 |
![]() | Өткен апта | 4365 |
![]() | Бұл ай | 22044 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1469108 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-31 18:32
«Тілім менің – мерейім!»
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Т.Ә.Нурмуханбетова мен М.М. Ахметованың ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Тілім менің – мерейім!» атты 1 курс білім алушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 3 кезең бойынша бақ сынасқан білім алушылар өздерінің мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Байқау қоытындысы бойынша 1 Ветеринар «А» тобының білім алушысы Суиембек Бекжан 1 орынды, 2-орынды 1 бағдарламашы «А» тобының білім алушысы Нурдикеев Қайсар, 3-орынды 1 бағдарламашы «А» тобының білім алушысы Бахтқызы Жібек пен жерге орналастыру «А» тобының білім алушысы Отыншиев Саян иеленді
"Терроризммен күрестің бір тетігі – ұлттық тәрбие"2025 жылы 24 қыркүйек күні Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1 курс білім алушыларына арнап "Терроризммен күрестің бір тетігі – ұлттық тәрбие" тақырыбында тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. ⠀Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау. Сонымен қатар, білім алушыларға ұлттық тәрбие негізінде рухани иммунитет қалыптастырып, бейбітшілік пен конфессияаралық татулықтың маңызын түсіндіру.Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар: Сүлейменов Талғат Абайұлы – Алматы облысы бойынша “Діни оңалту” жұмысына жауапты имам Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы – Талғар қаласындағы “Рақымберген қажы” мешітінің бас имамы Токишов Алмат Мақсатұлы – Талғар аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция тобының аға лейтенанты.Кездесу барысында білім алушыларға теріс діни ағымдардың зияны, радикалды идеологияның алдын алу жолдары, ұлттық және рухани тәрбие мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара ашық диалог форматында өтті. «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы»Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 19 қыркүйекте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2025» облыстық байқауы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында ұйымдастырылып өткізілді. «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушылары: Дуйсенбаева Ж.Е; Изиева М.А ұйымдарсыруымен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс- шара өткізілді. Мақсаты: Студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, бірлік пен достықты нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Студенттердің дене шынықтыру мен ұлттық ойындарға деген қызығушылығы артып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсінді. "Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі"Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1-курс білім алушыларына Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани тәрбие беру, дінге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және экстремизм мен радикализм идеологияларынан сақтандыру мақсатында "Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі" тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Шара барысында Талғар ауданына жауапты дінтанушы (теолог) маман Әбді Әділет Абдыхалықұлы қонақ болып, жастармен рухани тәрбие, діни сауаттылық және заманауи қоғамдағы діннің рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
|





















