- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 177 |
![]() | Кеше | 858 |
![]() | Бұл апта | 1953 |
![]() | Өткен апта | 4737 |
![]() | Бұл ай | 14839 |
![]() | Өткен ай | 18142 |
![]() | Барлығы | 1300198 |
Сіздің IP: 160.79.110.143
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-04-23 08:39
Үйірмелер жұмыстарын жандандыру.

Түрлі үйірмелер жұмыстарын жандандыру мақсатында және білім алушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану аясында, Талғар қаласында орналасқан «Жарқын Болашақ» өнер-спорт орталығының мамандары колледж білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу өткізу барысында орталықта тегін 5 жастан 18 жасқа дейін тегін оқытылатын келесі үйірмелерге:
1. Актерлік шеберлік (Сахна тілі); 2. Домбыра; 3. Домбырамен ән айту; 4. Эстрадалық вокал; 5. Би (ұлттық би, заманауи би); 6. Видеотүсіріс және монтаж; 7. Ораторлық өнер; 8.Кескіндеме және сурет; 9. Визаж грим; 10. Тігін үйірмелеріне тоқталып, екі тілде өткізілетіндігі туралы атап өтілді.
«Темекі өнімдерінің, оның ішінде вейп (электронды темекі), кальянның адам ағзасына зияны және алдын алу.![]() «Темекі өнімдерінің, оның ішінде вейп (электронды темекі), кальянның адам ағзасына зияны» туралы және алдын алу мақсатында ШЖҚ «Талғар аудандық орталық аурухана» МКК мамандары мен дәрігерлері колледж білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында темекі өнімдерінің, оның ішінде вейп (электронды темекі), кальянның адам ағзасына зияны туралы айтылып, білім алушылармен өзара сұрақтар алмасып, алдын алу шаралары айтылды.
«Студент қатарына қабылдау» мерекелік кеш.![]() Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында және 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне ұйымдастырылған «Мен, балаң, жарық күнде білім қуған» атты студент қатарына қабылдау рәсіміне арналған кеш өткізілді. Кеш барысында колледж оқытушылары мен білім алушылары ат салысып келесі керемет ән шашулар мен мың бұрала билеген қыздарымыздың билері тамашаланды, олар: «Қазақ биі», 1 То и Рем 9 А тобының орындауында «Колледж гимні», «Бақыт құсы» биі, «Топ белсенділер» вальсі, «Туған жер» әні, «№6 мектеп «Өрлеу» оркестрі» өнерін ортаға салып, колледжіміздің ұлағатты ұстаздарымен білім алушыларының орындауында Жамбыл Жабаевтың сөзіне жазылған «Угәй-ай» әнімен жалғастырылды, «Мамандық жайлы ән», «Әскери саптық» номерлері көрсетілді. Сонымен қатар достық, бірлік, ынтымақтың үлгісі болып жүрген колледжімізде де әр ұлттың баласы білім алуда, өз кезегінде достық ұғымын ұраны етіп алған жастарымыз әр ұлттың өнерін ортаға салып, «Достық» биін паш етіп, Бекбауов Жәнібек, Тоқаева Динара және білім алушылардың орындауында «Жаңа ғасыр-Қазақстан» әнімен кешіміз аяқталған болатын. Құрметті қонақтарымыз білім алушыларға тілектерін жаудырып, білім алу жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.![]() Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы, Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсе менеджері Ілияс Сайлаубайұлы колледж жас мамандары және білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында видеороликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар алынған болатын.
«Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты![]() 2021 жыл қараша айының он алтысы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында видеороликтер көрсетіліп, білім алушылар «Теңге» тарихымен таныстыра отырып өнерлерін ортаға салды.
|