- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 175 |
![]() | Кеше | 858 |
![]() | Бұл апта | 1951 |
![]() | Өткен апта | 4737 |
![]() | Бұл ай | 14837 |
![]() | Өткен ай | 18142 |
![]() | Барлығы | 1300196 |
Сіздің IP: 160.79.111.176
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-04-23 08:23
«Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбындағы дөңгелек үстел.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбында мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан, Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, ақын-сазгер, Талғар ауданы тіл оқыту орталығының директоры Қамнұр Тәлімұлы колледж білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жастардың бойында Отанға, тілге деген құрметтерін қалыптастырып, рухтарын көтеру мақсатында ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл.![]() Қараша айының он бірі күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл толуына байланысты, Талғар аудандық Мәдениет үйінде өткізілген Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге колледж білім алушылары қатысып, бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ақыл-кеңестер айтылды.
«КҮЗГІ БАЛ» байқауы.![]() 2021 жыл қараша айының сегізі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің І,ІІ курс білім алушылары арасында «КҮЗГІ БАЛ» байқауы ұйымдастырылды. Топтар арасынан суырылып барлығы 9 команда, олар 1 Зем 9 А, 1 Электр 9 А, 1 Электр 9 В, 1 То и Рем 9 А, 1 Вет 9 А (еңбек), 1 Прог 9 В, 1 Бух 9 В, 2 Зем 9 А, 2 Электр 9 А топтарынан білім алушылар өнер көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша І орынды-1 Зем 9 А тобы, ІІ орын-2 Зем 9 А, ІІІ орын-1 То и Рем 9 А тобы иеленіп, қалған топтар номинацияларды қанағат тұтты.
«Қазақтың Жамбылы адамзаттың Жамбылы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби – сазды кеші![]() Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Қазақтың Жамбылы адамзаттың Жамбылы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби – сазды кеші өтті. Талғар медициналық колледжінің директоры Кудабаев Багжан Акимбаевич, ҚР Білім беру ісінің үздігі Бейсенов Серікбай ағайымыз, мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Тәлімұлы Қамнұр ағайларымыз әдеби-сазды кештің құрметті қонағы болып, Жамбыл ата өмірінен үзінді келтіре отырып, ат салысқан ұйымдастырушылар мен қатысқан білім алушыларға алғысын айтты.
«Оқыту тренингтерін, жаттығу ойындарын ұйымдастыру және өткізу» және «Диалог жүргізу мәдениеті» тақырыбындағы семинар.![]() Қараша айының үші және төрті күндері «Dispute wise» дебат клубының жетекшісі Амангелди Асылханмен клубтың белсенді мүшесі Оразәлі Таңшолпанның ұйымдастыруымен «клуб мүшелері арасында оқыту тренингтерін, жаттығу ойындарын ұйымдастыру және өткізу» және «Диалог жүргізу мәдениеті» тақырыбы семинар өткізілді. Семинар барысында дебат өткізу мәдениеті мен қыр-сырлары айтылып, кеңестер берілді.
|