Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 420 |
![]() | Кеше | 592 |
![]() | Бұл апта | 1012 |
![]() | Өткен апта | 4365 |
![]() | Бұл ай | 21127 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1468191 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-30 16:33
«Жер, орман және күн» ағаш отырғызу акциясы.
Сәуір айының алтысы күні «Халықаралық Парктер шеруі» экологиялық акциясы, «Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясы аясында, «Жер, орман және күн» атты ағаш отырғызу акциясына колледж білім алушылары белсенді қатысты.
«Жетісу адалдық алаңы» жобасының «Саналы ұрпақ» кіші жобасын іске асыру.«Жетісу адалдық алаңы» жобасының «Саналы ұрпақ» кіші жобасын іске асыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Талғар аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 06 сәуір күні, сағат 11.00-де Талғар аудандық Мәдениет үйінің алдында өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясына колледж «Саналы ұрпақ» клубының білім алушылары белсенді қатысып қайтты. Қазақстан Республикасының басшысы
Қ.Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауы.
Сәуір айының бесі күні колледж оқытушылары және білім алушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауындағы басты жайттарын талқылау мақсатында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 2 Тех 9 А тобының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада жолдауда айтылған мәселелер толық қарастырылып, жан-жақты талқыланды.
«Жасарып, жайнай бер Талғарым».Жастарда еңбектік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұрғысынан «Жасарып, жайнай бер Талғарым» атты колледжішілік, қалалық, аудандық сенбіліктерге қатысудың мақсаты - елді-мекендерді көріктендіру, экология мәселелерін шешу, жастарды туған өлкеге және еліміздің болашағына қамқорлық жасау рухында тәрбиелеу. Колледж білім алушылары колледж аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға барлығы 150 білім алушы мен 20 оқытушы ат салысты. Іс-шара соңында суретке түсіріліп, жиналған қоқыстар машинаға тиеліп кетті.
«Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясы.«Халықаралық Парктер шеруі» экологиялық акция аясында, «Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясына колледж білім алушылары белсенді қатысып, ашылу салтанатында спорттық жарысынан жүлделі І-орынды иеленді.
|




















