Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 387 |
![]() | Кеше | 457 |
![]() | Бұл апта | 844 |
![]() | Өткен апта | 3510 |
![]() | Бұл ай | 1798 |
![]() | Өткен ай | 21024 |
![]() | Барлығы | 1433948 |
Сіздің IP: 216.73.216.216
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-11-04 22:44
«Студент қатарына қабылдау» мерекелік кеш.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында және 17 қараша - Халықаралық студенттер күніне ұйымдастырылған «Мен, балаң, жарық күнде білім қуған» атты студент қатарына қабылдау рәсіміне арналған кеш өткізілді. Кеш барысында колледж оқытушылары мен білім алушылары ат салысып келесі керемет ән шашулар мен мың бұрала билеген қыздарымыздың билері тамашаланды, олар: «Қазақ биі», 1 То и Рем 9 А тобының орындауында «Колледж гимні», «Бақыт құсы» биі, «Топ белсенділер» вальсі, «Туған жер» әні, «№6 мектеп «Өрлеу» оркестрі» өнерін ортаға салып, колледжіміздің ұлағатты ұстаздарымен білім алушыларының орындауында Жамбыл Жабаевтың сөзіне жазылған «Угәй-ай» әнімен жалғастырылды, «Мамандық жайлы ән», «Әскери саптық» номерлері көрсетілді. Сонымен қатар достық, бірлік, ынтымақтың үлгісі болып жүрген колледжімізде де әр ұлттың баласы білім алуда, өз кезегінде достық ұғымын ұраны етіп алған жастарымыз әр ұлттың өнерін ортаға салып, «Достық» биін паш етіп, Бекбауов Жәнібек, Тоқаева Динара және білім алушылардың орындауында «Жаңа ғасыр-Қазақстан» әнімен кешіміз аяқталған болатын. Құрметті қонақтарымыз білім алушыларға тілектерін жаудырып, білім алу жолында аянбай еңбек етуге шақырды.





Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы, Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсе менеджері Ілияс Сайлаубайұлы колледж жас мамандары және білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында видеороликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар алынған болатын.
«Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты2021 жыл қараша айының он алтысы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында видеороликтер көрсетіліп, білім алушылар «Теңге» тарихымен таныстыра отырып өнерлерін ортаға салды.
«Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбындағы дөңгелек үстел.Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбында мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан, Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, ақын-сазгер, Талғар ауданы тіл оқыту орталығының директоры Қамнұр Тәлімұлы колледж білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жастардың бойында Отанға, тілге деген құрметтерін қалыптастырып, рухтарын көтеру мақсатында ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл.Қараша айының он бірі күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл толуына байланысты, Талғар аудандық Мәдениет үйінде өткізілген Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге колледж білім алушылары қатысып, бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ақыл-кеңестер айтылды.
|
- «КҮЗГІ БАЛ» байқауы.
- «Қазақтың Жамбылы адамзаттың Жамбылы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби – сазды кеші
- «Оқыту тренингтерін, жаттығу ойындарын ұйымдастыру және өткізу» және «Диалог жүргізу мәдениеті» тақырыбындағы семинар.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын пайдалану және орындау тәртібі.





























