- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 51 |
![]() | Кеше | 558 |
![]() | Бұл апта | 609 |
![]() | Өткен апта | 4523 |
![]() | Бұл ай | 3750 |
![]() | Өткен ай | 18142 |
![]() | Барлығы | 1289109 |
Сіздің IP: 18.222.188.129
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-04-07 02:28
“Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу”

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі тарих пәнінің оқытушысы Сая Бұйдахан "31 мамыр- Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне" орай 1 курс білім алушыларымен "“Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Білім алушылар қасіретке толы жылдар туралы ақпараттармен бөлісіп, ақындардың өлең- жырларын оқып, бейнефильмдер көріп, қазақ халқының тарихына шолу жасады. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова оқытушы Сая Бұйдаханқызына, белсене қатысқан білім алушыларға алғысын білдірді. Еліміздің ертеңі болатын жастарымызға білім шыңына көтеріліп, елге қызмет ететін азаматтар қатарынан болады деп сенім білдірді.
«Сіз ЗАҢДЫ білесіз бе?»![]() Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, дәлелдеу және сендіру дағдыларын дамыту, өз іс-әрекеттерін моральдық нормалармен байланыстыра білу және заңдылықты сақтау мақсатында офицер Айгерім Оразовна Авганова Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушыларымен «Сіз ЗАҢДЫ білесіз бе?» тақырыбында кездесу өткізді. Шара барысында жігіттер сұрақтарға жауап беріп, заң деген не, оның не үшін қажет екендігі туралы ой қозғады. Әңгімелесу барысында студенттер адамдар өз құқықтары мен міндеттерін неғұрлым жақсы білсе, олардың қарым-қатынастары соғұрлым табысты болады және қазіргі қоғамның біршама қиын жағдайында өздерін сенімдірек сезінеді деген қорытындыға келді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушысы Н.С. Кертаева азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, білім алушылардың бойында өз Отаны мен оның батырларын мақтаныш сезіміне тәрбиелеу мақсатында 1 ТОиРем "Б" тобының білім алушыларымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық, мүдде,ар-ұят,талап құндылықтарын қалыптастыру мақсатында "Жеткіншектің жеті жарғысы " жобасы аясында " Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді" атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
«Адам өміріндегі парыз бен ар-ождан»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушысы Ахметова А.К. 1 Бух «Б» оқушыларымен «Адам өміріндегі парыз бен ар-ождан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерде болашақта әрбір адамның өміріндегі басты бағдар болатын жалпы қабылданған моральдық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру.
Әскери-спорттық байқау![]() ҚР алғашқы қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына байланысты батырдың ерліктерін дәріптеу, білім алушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында Талғар қаласындағы колледждер арасында әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Н.Дауытбаевтың жетекшілігімен байқауға қатысушы колледж білім алушылары жүлделі 2-орынды иеленді.
|