Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 52 |
![]() | Кеше | 551 |
![]() | Бұл апта | 3414 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 12053 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1422434 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-18 02:00
“Талаптың мініп ұшағын, білімге ұмтыл ұрпағым”

2025 ж. 24 ақпанда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің мәдениет үйінде «Талаптың мініп ұшағын, білімге ұмтыл ұрпағым» атты Агротехнологиялық пәндер кафедрасының онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы оқытушылар мен білім алушыларды ашылуымен құттықтап, алдағы іс-шаралардың сәтті өтуіне тілегін білдірді.
Оқытушылардың білім беруде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану және іс-тәжірибе алмасуларын жолға қою. Білім алушылардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, өз-бетінше ізденуіне, сапалы білім алуларына бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілетін онкүндік жоспарымен таныстырды. Кафедра оқытушылары ән салып, би билеп, ұйымшылдықтарын, жаңашылдықтарын көрсетті.
«Әлем мемлекеттеріне саяхат»![]() 2025 ж. 24 ақпанда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің фойесінде «Талаптың мініп ұшағын, білімге ұмтыл ұрпағым» тақырыбында Агротехнологиялық пәндер кафедрасының онкүндігі аясында «Әлем мемлекеттеріне саяхат» атты таңғы сергіту сәті өткізілді, колледж білім алушылары белсене қатысты. https://youtube.com/shorts/KXP8tide2vQ?feature=sh «Діни экстремизм және терроризм мәселелері бойынша алдын алу»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Болашақ» қыздар клубының мүшелері, клуб жетекшісі Жұмағали Аружан, колледж психологы Назым Қалибасова «Діни экстремизм және терроризм мәселелері бойынша алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар деструктивті діни ағымдардың ерекше белгілері, экстремистік және террористік ұйымдарға тартудың психологиялық әдістері туралы айтып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және мемлекетіміздің гүлденуі үшін конфессияаралық келісімнің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
"Ауган соғысы жүректегі жара"![]() 18.02.2025 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Сайдуллин Ануар мен Несіпбаев Ермектің ұйымдастыруымен Кенес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Ауган соғысы жүректегі жара" атты такырыпта колледжідің І курс білім алушыларының арасында әскери-спорттык көпсайыс өткізілді. Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Әскери-спорттық көпсайыстың Бас жүлдесін 1Тоирем "А" тобы, 1орынды- 1Прог "А" тобы , 2-орынды 1 Тоирем "В" тобы , 3- орынды 1Прог "В" тобы иеленді. «Оқуға құштар колледж»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы Маржан Балтабекова 2 прог «А» тобының білім алушыларымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің қалам , сенің атауыңда тұрған не бар?» тақырыбында Талғар қаласының тарихы, табиғаты, георграфиялық көлемі, мәдениеті, Талғар қаласынан шыққан көрнекті тұлғалар туралы және Талғар тарихынан сыр шертетін әр жылдарда шыққан кітаптармен таныстырып, кітапхана шолғынын өткізді. Қатысушылар әр сала бойынша ізденіп, көптеген мәліметтер берді. Талғар қаласының белгілі ақындары Мұса Жанәділов пен Камнұр Тәлімұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
|