Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 53 |
![]() | Кеше | 551 |
![]() | Бұл апта | 3415 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 12054 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1422435 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-18 02:02
Қорқыту және жасөспірімдер қылмысы

2025 жылғы 14 ақпанда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Әкімбеков Дәурен Дәулетұлы, Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Нұрлығалиев Арман Нұрлығалиұлы, Талғар аудандық прокуратурасының прокуроры , 3-сыныпты заңгер - Алмасаева Аида Әділетқызы, Талғар ауданаралық аумақтық бөлімінің аға сот орындаушысы Достанов Ғалым Талантұлы, полиция инспекторы аға лейтенант Шарахунов Шадияр Шаагзамұлының қатысуымен 1-2 курс білім алушыларымен кездесу өткізілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері буллинг пен жасөспірімдер қылмысы жайлы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Буллинг пен жасөспірімдер қылмысы - бұл жай сөз емес, бұл өмірді бұзатын және терең психологиялық жарақаттар қалдыратын нақты проблемалар туралы және буллингтің не екенін, оның қандай нысандарды қабылдағанын және оның құрбандарға, қылмыскерлерге қалай әсер ететінін егжей-тегжейлі түсіндірді.
https://youtube.com/shorts/cURSMR8Wz9w?feature=share
"Жұмысшы мамандықтар қаласы"![]() 13.02.2025 ж. Талғар агробизнес және менеджмент колледжі. Астана қаласы "EXPO» халықаралық көрме орталығында Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды. Осы кездесуге колледжіміздің 3 Жерге орналастыру тобының білім алушысы Лұқпанова Нәзік те қатысып, болашаққа деген үлкен сенім арқалады. Нәзік, тек алға баса бер!
Педагогический совет![]() There are no translations available. 07.02.2025 г. в Талгарском колледже агробизнеса и менеджмента состоялся Педагогический совет, на котором подвели итоги 1 семестра 2024-2025 учебного года. Заседание Педагогического совета открыла директор колледжа Бозымбекова Д.Б., которая ознакомила присутствующих с повесткой дня и регламентом работы. Были заслушаны доклады по вопросам повестки дня заместителя директора по воспитательной работе Тукусбаевой И.М., заместителя директора по учебно-производственной практике Далелхан Б., заместителя директора по воспитательной работе Елакыновой Б.Б. и заместителя директора по учебно-методической работе Ахметовой А.К. Психолог колледжа Килибасова Н.М. организовала для членов коллектива тренинг для снятия стресса.
“2025 жыл- Жұмысшы мамандықтарының жылына”![]() Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жариялаған “2025 жыл- Жұмысшы мамандықтарының жылына” орай еліміздегі жұмысшылардың мәртебесін арттыру бойынша алға қойған міндеттерді іске асыру үшін, ЖШС «БЕНТ» оқу орталығы кәсіпорынның қызметкерлеріне арналған “Ашық есік”күнін ұйымдастырды. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Д.Б. Бозымбекова және директордың оқу өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Б.Далелхан бастаған колледждің бітіруші түлектерімен ашық есік күніне қатысып, қызметкерлердің кәсіптік даярлығының (біліктілігінің) деңгейін арттыру, кадрлық резерв құру және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында негізі қаланған ЖШС «БЕНТ» оқу орталығын және өндіріс орындарын аралап, жұмыстарымен танысты. Екі жақтың ынтымақтастығын нығайту мақсатында МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
"2025-жұмысшы мамандықтар жылы"![]() 2025 жылдың 31- ші қаңтарында Алматы облыстық Білім басқармасының ұйымдастыруымен, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында "Адал еңбек - адал табыс" тақырыбында «2025 жыл- Жұмысшы мамандықтар жылының» ашылу салтанатты өтті. Ашылу салтанатында Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызы жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және насихаттауға арналған жәрмеңкелерді аралап, құттықтау сөз сөйледі. Жәрмеңкеге ветеринария мамандығы бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмені жан- жануарлармен толықтырып, арнайы пән оқытушысы Адильбекова Алия Қанатқызы қоянға ультра дыбыстық зерттеу жұмысын жүргізу жөнінде шебер- сынып көрсетті. Сонымен қатар, ашылу салтанатына келген басқарма басшылары мен еңбек ардагерлері жылы лебіздерін білдіріп, салтанатты жиын сахналанған «Мамандықтар шеруіне» ұласты. Өнерпаздардың әсем әндері мен күмбірлеген күйлерін жалпы 450 адам тамашалап, мәдени және рухани әсерге бөленді. |