Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 56 |
![]() | Кеше | 551 |
![]() | Бұл апта | 3418 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 12057 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1422438 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-18 02:05
"Табысты түлек"

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Жас мамандар ұйымының жетекшісі А.Алпысбаеваның ұйымдастыруымен "2025 жыл -Жұмысшы мамандықтар жылы " аясында "Табысты түлек" атты түлектермен кездесу өткізілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.М. Тукусбаева кеш қонақтарына , колледж түлектеріне алғыс білдірді. Өнерпаз білім алушылар би билеп, күй тартып, ән шырқап, арнау өлеңдерін оқыды. Бітіруші түлектер М.Ж. Естемесов, Р. Ж. Рғынбаева, Бекжан Тұрсынұлы, Утепов Ануарбек, Н. Дүйсенбаев жүрек жарды тілектерін білдіріп, білім алушы жастарға білім мен өнердің қадір қасиеті туралы айтып, жастарды жігерлендірді. Ақыл- кеңестерін берді.Білім алушылардың сұрақтарына жауаптар берді.
«Еңбек деген байлық, ерінбеген жететін»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде еңбек ардагерлері Айманбетов Болат, Аманханова Бақаш, Мәлік Сембайұлы, Жұмадилов Ербол Кеңеспекұлы, Тукусбаев Болат Әшенұлы және Ментаев Сейітқазы Құрманбекұлының қатысуымен «Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жететін» атты салтанатты кездесу өтті . Аталған іс-шараның мақсаты жұмысшы мамандықтарын дәріптеу жөніндегі бастаманы қолдау болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, елдің кадрлық әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары өздерінің еңбек жолы туралы әңгімелеп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.Шара барысында колледждің өнерпаз білім алушылары ән шырқап, күй тартып, би биледі. Колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы еңбек ардагерлеріне алғыс айтып, оларға мықты денсаулық, бақ-береке тілеп, қазақ әдет-ғұрпына сәйкес, колледж ұжымының атынан еңбек ардагерлерінің иығына шапан жапты. «Таза сессия»![]()
17.01.2025 Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің “Саналы ұрпақ” ұйымының жетекшісі Бекен Арайлымның және студенттердің фракция жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Таза сессия” акциясы өткізілді. 1 курс білім алушыларымен сауалнама жүргізілді.
Еңбек ардагері![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пәндер оқытушысы," Еңбек ардагері"," Еңбек адамы" төсбелгілерінің иегері, ветеринария ардагері Ербол Кенеспекұлы Жұмаділов-кәсіби, заманауи педагог, оның мақсаты-жетілген ұрпақты тәрбиелеу, басқаларға өнер мен білімді үйрету, ал өзі өмір бойы оқып, оқу жан. Мұғалім-ветеринария ардагері, ол өндірістегі теория мен тәжірибені үйлестіре отырып, студенттерге өз кәсібінің қыр-сырын үйретуге бар күшін салады. "Жастық шақ – мүмкіндіктерге толы уақыт"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде білім алушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жастықты жаңа мүмкіндіктер уақыты ретінде көрсету мақсатында 1 курс студенттері арасында «Жастық шақ – мүмкіндіктерге толы уақыт" шығармашылық коллаждар байқауы өтті! Әр топ өз шеберлігін көрсетіп, ерекше идеяларымен бөлісті! Жеңімпаздар өнердің күші арқылы шабыттандыра білді. 1 орын- 1 Прог А тобы 2 орын- 1 Зем В тобы 3 орын- 1 ТОиРЕМ А тобы Барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз! Жастардың шығармашылығы – шексіз мүмкіндік әлемі!
|