Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 55 |
![]() | Кеше | 551 |
![]() | Бұл апта | 3417 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 12056 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1422437 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-18 02:04
«Оқуға құштар колледж»

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы С.А.Садвакасованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 1 жерге орналастыру 9 А тобының білім алушыларымен «Менің өмірімді өзгертке кітап» эссе конкурсын өткізді. Эссе конкурсы балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасына арналды. Білім алушылар Шығарма кейіпкері Қожа туралы алған мәліметтерін ортаға салды, Көрініс көрсетті. Сұрақтарға жауап берді. Жазған эсселерін оқыды. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова білім алушыларға кітап оқудың, білімнің қадірі жайлы айта отырып, кітап оқуға шақырды.
Мұғалімдердің балаларына арналған шырша.![]() 26.12.2024ж Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Мәдениет үйінде колледж кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен колледждің жас мамандары балаларға арналған Жаңа 2025 Жылға арналған Шырша мерекесін өткізді. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерімізге ақ батасын берді. Ән шырқап, би билеген бүлдіршіндеріміз қызықты ойындар ойнады. Аяз Ата мен Ақша қардың сыйлықтарын алып, мәз мейрам болып тарады.
"Оқуға құштар колледж"![]() 25.12.2024 ж. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы Г. И. Баймұханова 1-2 курс білім алушыларымен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Не? Қайда?Қашан?" әдеби ойын өткізді. "Жалын", "Білімгерлер" тобы болып, жарысып, 4 кезеңнен тұратын ойында "Білімгерлер" тобы жеңіске жетті
Арнайы пәндер оқытушысы Ербол Кенеспекұлы Жұмаділовтың 63 жылдығы.![]() 25.12.2024 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің ұжымы ардагер ұстаз, ұзақ жылдар адал еңбек етіп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлесін қосып келе жатқан арнайы пән оқытушысы Ербол Кенеспекұлы Жұмаділовты 63 жасқа толған зейнет жасымен құттықтады. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова Құрмет грамотасын табыс етіп, қазақ әдет-ғұрпына сәйкес туған күн иесінің иығына шапан жапты
«Сабақты жоспарлаудың әдістемелік негіздері»![]() 2024 жылғы 25 желтоқсанда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Н. С. Кертаева мен Д. Тараков «Сабақты жоспарлаудың әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өткізді, онда көптеген демонстрациялық материалдарды қолдана отырып, әріптестерімен тәжірибелерімен, үздік әзірлемелерімен, шығармашылық жаңалықтарымен, білімдерімен бөлісті.
|