Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 54 |
![]() | Кеше | 551 |
![]() | Бұл апта | 3416 |
![]() | Өткен апта | 4914 |
![]() | Бұл ай | 12055 |
![]() | Өткен ай | 21979 |
![]() | Барлығы | 1422436 |
Сіздің IP: 216.73.216.162
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-10-18 02:03
«Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде ...»

2024 жылғы 20 желтоқсанда Жалпы пәндер кафедрасының «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде»... атты онкүндігі аясында химия пәнінің оқытушылары Өтепбергенова К.У. және Омарова П.А. 1 курс (орыс бөлімі) оқушылары арасында «Жас химиктер» зияткерлік конкурсын өткізді. Байқау бес кезеңмен өтті, оның барысында балалар химия сабақтарында алған білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды 1 Зем «В» тобы, 2 орынды - 1 Вет «В» тобы, 3- орынды 1Бух«В» тобы, 4- орынды - 1 Тоирем "В" тобы иеленді. Білім алушыларымызға табыс, табандылық және оқуға үлкен қызығушылық тілейміз!
«Адалдық – адамгершілік белгісі»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Эристика» пікірсайыс клубы мүшелерінің қатысуымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбы аясында дебат өтті.
"Жыл үздігі- 2024"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 3 курс білім алушысы Жақыпбаев Данияр Талғар ауданы Әкімінің ұйымдастыруымен өткен "Жыл үздігі-2024" жастар сыйлығының "Үздік студент" номинациясының жеңімпазы атанып, Талғар ауданы Әкімі Т. Айдарбековтың Дипломымен марапатталды.
«Калашников автоматын ішінара бөлшектеу және құрастыру»![]() 2024 жылдың 17 желтоқсанында «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде»... тақырыбында Жалпы пәндер кафедрасының онкүндігі аясында Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Е.Д. Несіпбаев 1 Зем "А" тобының білім алушыларына «Калашников автоматын ішінара бөлшектеу және құрастыру»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыруда алған теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
«Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші»![]() Алматы облысының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» жобасы аясында «Шамшырақ» ашық сабақ шеруі бағдарламасы бойынша Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы Бакешова Айнұр Әскербекқызы 2 вет 9 «А» тобының білім алушыларымен « Жануарлар мен құстарға карантин және оқшаулау бойынша іс-шаралар жүргізу » модулінен « Жануарлар қаңқасының бөлімдері » тақырыбында онлайн форматта ютуб желісі арқылы тікелей көрсетілімде ашық сабағын өткізді.
|