- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Авторизация
Голосования
Сегодня | 538 | |
Вчера | 661 | |
Эта неделя | 538 | |
Прошлая неделя | 4708 | |
Этот месяц | 20283 | |
Прошлый месяц | 18973 | |
Всего | 1208388 |
Ваш IP: 3.129.249.170
MOZILLA 5.0,
Сейчас: 2024-11-25 16:38
«Тіл-Тәуелсіздік тұғыры»
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қазақ тілі» қоғамымен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл-Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кеш өткізілді.
Жалпы 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
«Саналы ұрпақ» клубы
08.10.2021 08:20
Қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызы, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы және «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы Алматы облысы колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен кездесу өткізді. Онлайн форматта өткізілген кездесуге колледжіміздің «Саналы ұрпақ» клуб жетекшісімен мүшелері қатысып, маңызды мәліметтер алды.
«Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирі
08.10.2021 08:12
Қыркүйек айының 23-ші жұлдызында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облысының Жастар мәселелері басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турниріне колледжіміздің «Dispute wise» пікір-сайыс клубының белсенді Оразәлі Таңшолпан Еділқызы және Майтен Аружан Қабыланқызы сынды білім алушыларынан құралған «Dispute wise» командасы белсенді өнер көрсетіп, үш ойынның екеуін жеңіспен аяқтаған болатын. Біз осындай облыстық деңгейде колледж мәртебесін көтеріп жүрген білім алушыларымызбен мақтанамыз, биіктен көріңіздер!!!
Қазақстан Республикасы жаңа тарихы бойынша онлайн-тест
23.09.2021 08:55
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Білім» тақырыбы аясында, 2021 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы жаңа тарихы бойынша онлайн-тесттен білім алушылар өткен болатын. Жалпы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біздің еліміз осы үш онжылдықта өткен барлық кезеңдерді еске алу маңызды. Осы мақсаттар үшін 30JYL.KZ сайтында Қазақстанның жаңа тарихына арналған онлайн-тест іске қосылған және квизда КСРО ыдырағаннан кейін Республиканың даму кезеңінен бастап оның қазіргі кезеңіне дейінгі мәселелер жинақталған болатын. Тесттен өту қорытындысы бойынша әрбір білім алушы өзінің онлайн-сертификаттарын алды.
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық тәрбие сағаты.
23.09.2021 08:32
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Білім» тақырыбы аясында, 2021 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағаты барысында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды. Мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан, Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, ақын-сазгер, Талғар ауданы тіл оқыту орталығының директоры Қамнұр Тәлімұлы ашық тәрбие сағатының құрметті қонағы болды. Өз кезегінде Қамнұр Тәлімұлы білім алушылардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту жолында қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу басты назарда екенін атап өтті.
Dim lights Embed Embed this video on your site |