- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Авторизация
Голосования








![]() | Сегодня | 145 |
![]() | Вчера | 565 |
![]() | Эта неделя | 4175 |
![]() | Прошлая неделя | 3164 |
![]() | Этот месяц | 6603 |
![]() | Прошлый месяц | 18376 |
![]() | Всего | 1309671 |
Ваш IP: 3.15.148.76
MOZILLA 5.0,
Сейчас: 2025-05-11 03:34
«Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирі

Қыркүйек айының 23-ші жұлдызында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облысының Жастар мәселелері басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турниріне колледжіміздің «Dispute wise» пікір-сайыс клубының белсенді Оразәлі Таңшолпан Еділқызы және Майтен Аружан Қабыланқызы сынды білім алушыларынан құралған «Dispute wise» командасы белсенді өнер көрсетіп, үш ойынның екеуін жеңіспен аяқтаған болатын. Біз осындай облыстық деңгейде колледж мәртебесін көтеріп жүрген білім алушыларымызбен мақтанамыз, биіктен көріңіздер!!!
Қазақстан Республикасы жаңа тарихы бойынша онлайн-тест![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Білім» тақырыбы аясында, 2021 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы жаңа тарихы бойынша онлайн-тесттен білім алушылар өткен болатын. Жалпы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында біздің еліміз осы үш онжылдықта өткен барлық кезеңдерді еске алу маңызды. Осы мақсаттар үшін 30JYL.KZ сайтында Қазақстанның жаңа тарихына арналған онлайн-тест іске қосылған және квизда КСРО ыдырағаннан кейін Республиканың даму кезеңінен бастап оның қазіргі кезеңіне дейінгі мәселелер жинақталған болатын. Тесттен өту қорытындысы бойынша әрбір білім алушы өзінің онлайн-сертификаттарын алды.
«Тәуелсіздік жетістіктері» ашық тәрбие сағаты.![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Білім» тақырыбы аясында, 2021 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде мерекелік іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды пайдалана отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ашық тәрбие сағаты барысында Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды. Мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан, Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, ақын-сазгер, Талғар ауданы тіл оқыту орталығының директоры Қамнұр Тәлімұлы ашық тәрбие сағатының құрметті қонағы болды. Өз кезегінде Қамнұр Тәлімұлы білім алушылардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, Отан тағдыры үшін жауапты сезімді күшейту жолында қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу басты назарда екенін атап өтті.
Dim lights Embed Embed this video on your site Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!.![]() Қыркүйек айының он үшінші жұлдызында Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рухани құндылықтарды насихаттау, білім алушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сонымен қатар «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы аясында, колледжіміздің «Dispute wise» дебат клубының ұйымдастыруымен «БП жастардың шет тілін меңгеруі дұрыс деп есептейді» қарарында дебат ойыны өткізілді. Пікір –сайыс барысында Оразәлі Таңшолпан Еділқызы, Майтен Аружан Қабыланқызы, Есембаева Дана Бекжановна, Смайл Күмісаянжан Майрқызы атты білім алушыларымыз ойынның жақсы деңгейде өтуіне бар күштерін салған болатын.
Тілсіз-тәуелсіздік, егемендіксіз-тіл болмақ емес!![]() Қыркүйек айының 10-шы жұлдызында Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рухани құндылықтарды насихаттау, білім алушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сонымен қатар «Оқушылар мен студент жастардың дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы аясында, колледжіміздің «Dispute wise» дебат клубының ұйымдастыруымен дебат ойыны өткізілді.
|