Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 87 |
![]() | Кеше | 190 |
![]() | Бұл апта | 87 |
![]() | Өткен апта | 2909 |
![]() | Бұл ай | 6866 |
![]() | Өткен ай | 21024 |
![]() | Барлығы | 1439016 |
Сіздің IP: 18.97.14.84
,
Қазір: 2025-11-17 10:09
"Шеберлік құпиялары".
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында "бухгалтерлік есеп және аудит және бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасы "шеберлік құпиялары"тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шара барысында "бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығының 3 курс студенті Мұхаммед Диас кіші курс студенттеріне web-әзірлеу саласындағы практикалық дағдыларды ұсынды. Ол сайтты құру мен жобалаудың негізгі кезеңдерін, сондай-ақ оны тиімді пайдалану мен жылжыту әдістерін көрсетті. Мұндай іс-шараларды өткізу кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға, болашақ мамандыққа деген қызығушылықты дамытуға, сондай-ақ колледж білім алушылары арасында ынтымақтастық пен өзара сыйластық ахуалын нығайтуға ықпал етеді.
"Білім алмасу""Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында «Бухгалтерлік есеп және аудит және бағдарламамен қамтамасыз ету» кафедрасымен "Білім алмасу" атты шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәжірибелі "Бағдарламамен қамтамасыз ету" мамандығы бойынша білім алушы Қайрулла Мейіржан мен Бейсен Марлен өз білімдері мен дағдыларымен бөлісіп, колледж қызметкерлерімен кәсіби тәжірибе алмасты. Өз салалары бойынша бағдарламаның қыр-сырымен таныстырып, оңтайлы қолдану әдісімен бөлісті. Бұл шара білімнің екіжақты үдеріс екенін көрсетеді: студенттерде өз ұстаздарын үйрете алады. Сондай-ақ, ол өзара құрметті қалыптастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады. #ЖұмысшыЖылы #ШеберлікСыныбы #БілімАлмасу #КәсіптікБілім #КолледжӨмірі «Игілікке жетудің жолы - еңбек ету»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай, Еңбек күніне арналған «Игілікке жетудің жолы - еңбек ету» атты салтанатты іс- шара өткізілді. Колледжде еңбек етіп жүрген ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге зор құрмет көрсетіліп, салтанатты түрде Қызыл кілеммен жүргізіп, Мәдениет үйге өткізді. Колледжде еселі еңбек етіп, ұжымның алғысына бөленіп жүрген әріптестер мен қызметкерлерге арналған мерекелік шарада өнерпаз білім алушылар мен жас мамандар ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар биылғы жылы жұмысқа жаңа қабылданған жас мамандарға ақ баталарын беріп, еңбек кітапшаларын табыстады. «Денсаулық күні»2025 жылғы 26 қыркүйекте Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде “Жалпы пәндер” онкүндігінің ашылуы аясында спорттық іс-шара – «Денсаулық күні» өтті. Бұл іс-шараға 1–3 курс білім алушылары мен колледж оқытушылары белсене қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың салауатты өмір салтына қызығушылығын қалыптастыру, төзімділікті, командамен жұмыс істеу рухын және бірлікті дамыту болды. Спорттық жарыстар барысында қатысушылар ептілік, жылдамдық пен күш-қайраттарын көрсетіп, ең бастысы – бірлік пен өзара қолдаудың нағыз үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар грамоталарымен марапатталды. «Денсаулық күні» тек спорт пен жақсы көңіл күй мерекесі ғана емес, сонымен қатар колледждегі жалпы білім беретін пәндер онкүндігінің тамаша бастамасына айналды. «Тілім менің – мерейім!»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Т.Ә.Нурмуханбетова мен М.М. Ахметованың ұйымдастыруымен мәжіліс залында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Тілім менің – мерейім!» атты 1 курс білім алушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 3 кезең бойынша бақ сынасқан білім алушылар өздерінің мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Байқау қоытындысы бойынша 1 Ветеринар «А» тобының білім алушысы Суиембек Бекжан 1 орынды, 2-орынды 1 бағдарламашы «А» тобының білім алушысы Нурдикеев Қайсар, 3-орынды 1 бағдарламашы «А» тобының білім алушысы Бахтқызы Жібек пен жерге орналастыру «А» тобының білім алушысы Отыншиев Саян иеленді |


















